Қазақстан Аралды құтқару іс-әрекетін жалғастыруда

Қазақстан құрғағалы тұрған Аралды құтқару үшін жаңа шараларды қолға алуда.

2086354
Қазақстан Аралды құтқару іс-әрекетін жалғастыруда

 

Өзбекстан тәжірибесін пайдалана отырып, Қазақстан 2025 жылға дейін Арал теңізіне 1,1 миллион гектар сексеуіл ағашын отырғызады.

Биыл 200 мың гектардан астам алқапқа сексеуіл көшеттерін отырғызу мақсатында зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Арал теңізінде орман қалыптастыру үшін 753 мың гектар аумақта топырақты зерттеу жұмыстары жүргізілгенін хабарлады.

Жоба аясында сексеуіл ағашын отырғызу мақсатында орман-мелиоративтік зерттеулер жүргізілді.

Министрліктің хабарлауынша, сексеуіл  егу мен дайындаудың инфрақұрылымы қамтамасыз етіліп, қажетті арнайы техникалар сатып алынған.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі және Қызылорда облысы әкімдігімен бірлесіп соңғы үш жылда 545 мың гектар орман алқабы отырғызылды.

Биыл 200 мың гектардан астам алқапқа сексеуіл көшеттерін отырғызу бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстан Президенті өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында 2025 жылға дейін жалпы көлемі 1,1 миллион гектар жерге сексеуіл ағаштарын отырғызуды тапсырған болатын.



Ұқсас жаңалықтар