Қазақстан әскері БҰҰ миссияларына қатысады

Президент Тоқаевтың бітімгершілік миссиясы аясында шетелге сарбаз жіберу туралы Жолдауы Парламент пен Сенаттың бірлескен отырысында мақұлданды.

2090935
Қазақстан әскері БҰҰ миссияларына қатысады

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) «БҰҰ-ның Голан жотасындағы бөліну процестерін бақылау жөніндегі күштері» миссиясына (UNDOF,Сирия-Израиль) Қазақстаннан 139 сарбаз қатысады.

Парламент пен Сенаттың бірлескен отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бітімгершілік миссиясы аясында шетелге сарбаз жіберу туралы Жолдауы мақұлданды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстанға дербес ұлттық бітімгершілік контингентін  жолдауға рұқсат бергені туралы шешімде мыналар атап өтілді: «Қазақстан Қарулы Күштерінің БҰҰ бітімгершілік миссияларына қатысу географиясын кезең-кезеңмен кеңейту және осы тұрғыда шамамен 430 жауынгерден тұратын бітімгершілік контингентінің  әсіресе Голан төбесіндегі БҰҰ бақылаушы күштері, Израиль мен Палестина арасында БҰҰ бітімгершілікті қадағалау ұйымы (UNTSO), БҰҰ-ның Оңтүстік Судан Республикасындағы Миссиясына (UNMISS) және Абьеидегі БҰҰ уақытша қауіпсіздік күшіне (UNISFA) жіберуді ұсынамын».

Шешімде сонымен бірге БҰҰ Бейбітшілік миссиясы шеңберінде Батыс Сахарада Қазақстандық 6 офицер, Орталық Африка Республикасында 2, Конго Демократиялық Республикасында 2 және Ливанда 9 әскери қызметкердің міндет атқаруда екені атап көтілді.  Сондай-ақ «Артып отырған гео-саяси келіспеушілік барысында аймақтық және ұлттық қауіпсіздікке бағытталған жаңа рисктер ортаға шығуда.  Осылардың кейбіріне әскери шешім керек болады.  Сондықтан жасақтардың соғысқа дайын болу жағдайын нығайту және заманауи қатерлерге қарсы тәжірибе жинақтауы өте маңызды» деп айтылған.

Сонымен бірге Қазақстанның алғашқы бейбітшілік жасағының Голан жотасына жолданатыны білдіріліп,  «139 әскери қызметкерден тұратын алғашқы ұлттық жасақ өз әскери техникасы,  қару-жарақтарымен бірге БҰҰ-ның Голан төбесіндегі күшіне жолдауы ерекше назар аударарлық оқиға» деп айтылған.



Ұқсас жаңалықтар