Сириядағы бітімнің кепілгерлері Астанада бас қосады
Сириядағы бітімнің кепілгерлері Түркия, Ресей және Иран 14-15 қаңтар күндері Қазақстанның бас қаласы Астанада бас қосады.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде Сирия бойынша Астана форматындағы 21-ші келіссөздер аталмыш күндерде Астанада өтетіні айтылған.
Мәлімдемеде кепілгер елдер Түркия, Ресей және Иран делегацияларымен бірге Дамаск әкімшілігі мен оппозициясының да қатысатыны білдірілді.
Мәлімдемеде Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) мен Иордания, Ирак және Ливан өкілдерінің отырыстарға бақылаушы ретінде қатысуы күтілетіні атап өтілді.
Мәлімдемеде «Алдын ала күн тәртібінде Сирия төңірегіндегі аймақтық жағдайдың дамуы, Сириядағы жан-жақты шешуге бағытталған күш-жігер, гуманитарлық жағдай және Сирияны қалпына келтіруді жеңілдету үшін халықаралық қоғамдастықтың талпыныстарын жұмылдыру бар» делінді.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефонда сөйлесті
Әңгіме барысында Түркия-Қазақстан қарым-қатынастары, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды.
Орталық Азия елдері 3 сала бойынша күш біріктіруге шешім қабылдады
Қазақстан Президенті Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын Ақордада қабылдады.