Сот үкімін орындаушы робот іске қосылды

Тараз қаласындағы жоба сәтті жүзеге асқан жағдайда, бүкіл Қазақстанда іске қосылады.

2091825
Сот үкімін орындаушы робот іске қосылды

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі республикалық ЖСО палатасымен бірлесіп, Тараз қаласында оңтайландырылған атқарушылық өндірісті енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосты.

Осыған дейін азаматтар салынған айыппұлды уақытында өтей алмаған жағдайда, оның 25%-ға дейінгі сомасын жеке сот орындаушыға төлеуге міндетті болатын.

Енді бұл қызметті робот тегін атқарады. Жаңа жобаның арқасында ел азаматтары 2 млрд теңгеге дейін үнемдей алады.

Жоба сәтті жүзеге асатын болса, оны бүкіл Қазақстан аумағына енгізу жоспарланып отыр.

 

Дереккөз – ҚазИнформ



Ұқсас жаңалықтар