Ауыл шаруашылығында ынтымақтастық

Түркия Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Гизлигидер бастаған түрік делегациясы Астанада кездесу өткізді.

2092475
Ауыл шаруашылығында ынтымақтастық

Түркия Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Эбубекир Гизлигидер бастаған түрік делегациясы Астанада кездесу өткізді.

Ұйымдастырылған кездесулер барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастық пен бірлескен жобалар талқыланды.

Дөңгелек үстел форматындағы кездесуде Эбубекир Гизлигидер мен ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек тұқым шаруашылығы және ирригациялық жүйелер мәселелерін көтерді.

Түрік делегациясына экономикалық өсу мониторингі және мемлекеттік бағдарламаларды орындау жөніндегі құралдар жиынтығы болып табылатын «Smart Data Ukimet» жобасы таныстырылды. Бұдан әрі Түркиядан келген әріптестерге "Қазақстан Ғарыш Сапары" таныстырылып, Қазақстанда пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері қалай анықталатыны, атап айтқанда, жерді ғарыш қашықтығынан зондтау арқылы анықталатыны айтылды.

Эбубекир Гизлигидер Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровпен де кездесіп, тұқым шаруашылығы және инвестиция саласындағы ынтымақтастықты талқылады.

Қазақстан министрі ауыл шаруашылығы саласындағы бірлескен ауыл шаруашылығы өнім көлемінің 350 миллион долларға жеткенін және тұқым шаруашылығы, мал шаруашылығы және орман шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты арттыруға дайын екендерін мәлімдеді.

 Ол түрік инвесторларын  Қазақстанға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар