Қазақстанда Сирия келіссөздері жалғасуда

Сирия бойынша Астана келіссөздерінің 21-ші туры бүгінгі отырыстың артынан аяқталады.

2093369
Қазақстанда Сирия келіссөздері жалғасуда

Қазақстанда кеше басталған Сирия бойынша Астана келіссөздерінің 21-ші туры жалғасуда.

Келіссөздерге Түркия, Ресей, Иран, Дамаск әкімшілігі мен Сирия оппозициясының делегациялары қатысуда.

Иордания, Ирак және Ливан делегациялары болса келіссөздерде бақылаушы ел мәртебесімен орын алуда.

Түркия делегациясына Сыртқы істер министрінің орынбасары Ахмет Йылдыз басшылық жасайды.

Қазірге дейінгі отырыстарда Сирияда терроризммен күрес, кепілге алынғандарды босату, із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру сияқты сенім арттыратын шаралар талқыланды.

Бүгінгі отырыстан кейін өздерінің баспасөз өкілдеріне мәлімдемелерін жасайтын делегациялардың кейін бірлескен баспасөз мәслихаты өткізуі жоспарлануда.



Ұқсас жаңалықтар