Сирия бойынша Астана келіссөздерінің 21-ші туры аяқталды

Сыртқы істер министрінің орынбасары Ахмет Йылдыз келіссөздер туралы мәлімдеме жасады.

2093470
Сирия бойынша Астана келіссөздерінің 21-ші туры аяқталды

Қазақстанда кеше басталған Сирия бойынша Астана келіссөздерінің 21-ші туры аяқталды.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Ахмет Йылдыз Түркия, Ресей және Иранның кепілдігімен Қазақстанның бас қаласы Астанада өткен Астана форматындағы 21-ші Сирия келіссөздерінде терроризммен күресте ортақ табандылыққа баса назар аударылғанын айтты.

Түркия атынан өкілдік жасаған Йылдыз Қазақстанның қонақжайлығында кеше басталып, бүгін жалпы отырыспен аяқталған Сирияға бойынша 21-ші Астана келіссөздерін журналистерге бағалады.

Йылдыз келіссөздердің негізгі мақсатының Сирия дағдарысын шешуде саяси процесті алға жылжыту екенін атап «Түрік тарапы ретінде біз қазір Конституциялық комитеттің жұмысын бастап, жеделдетуді ұсындық» деді.

Йылдыз делегация аралық жиналыстарда Израильдің Палестина және көршілес елдерге шабуылдардың Сирия алаңына ықтимал салдарлары туралы алаңдаушылықты тілге тиек еткендерін білдірді.

Йылдыз Сирияға гуманитарлық жәрдемдердің үзілмеу керектігін баса айтқандарын, осы аяда Сирия режимінің гуманитарлық жәрдемдерді жеткізу тақырыбын кемсітуге болмайтынын атап, қабылданбайтын шарттарды алға тартқанын айтты.

Келесі кездесулердің Астанада өтетінін айтқан Йылдыз биылғы жылы Астана форматында көшбасшылар саммитін өткізуге келіскендерін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар