Бішкек жаралылар үшін Түркиядан көмек сұрады

Қырғызстан ЖЭП-тегі өрт салдарынан ауыр зардап шеккендерді емдеу үшін Түркиядан көмек сұрады.

2097005
Бішкек жаралылар үшін Түркиядан көмек сұрады

Қырғызстан Бішкектегі Жылу және энергетика орталығындағы (ЖЭП) өрттен ауыр зардап шеккендерді емдеу үшін Түркиядан көмек сұрады.

Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда Президент Садыр Жапаровтың тапсырмасы бойынша Денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшеналиевтің түрік әріптесімен байланыс орнатты.

Түркияның ең жақсы күйік мамандарының бірі, профессор-доктор Корай Дашпен термиялық күйікпен жарақат алған адамдарды емдеу әдістері онлайн кеңес аясында талқыланды.

Сонымен қатар 2 түрік маманы дәрігер Бішкекке барып, жергілікті мамандармен бірге жараланғандарға көмек көрсетеді.

Бас қала Бішкектегі үйлерді ыстық су және қысқы жылумен қамтамасыз ететін Жылу және энергетика орталығында (ЖЭП)  шыққан өрттен екеуі ауыр күйде, 5 адам зардап шекті.

Денсаулық сақтау вице-министрі орынбасары Медербек Исмаилов баспасөз мәслихатында ауыр жарақат алғандардың қолы мен бетінде 80 пайызында күйік болғанын айтқан еді.



Ұқсас жаңалықтар