Қазақстан жер сілкінісінің 1 жылдығына орай хабарлама жасады

Қазақстан өткен жылы эпицентрі Кахраманмараш болған жер сілкінісінің жылдығына орай хабарлама жасады.

2098392
Қазақстан жер сілкінісінің 1 жылдығына орай хабарлама жасады

2023 жылы 6 ақпан күні Түркияның Кахраманмараш қаласында болған жер сілкінісінің жылдығына орай Қазақстан хабарлама жасады.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет парақшасынан жарияланған хабарламада өткен жылы Түркияның оңтүстік шығысында болған жойқын жер сілкіністеріне орай Қазақстанның қонақжайлығымен елордада өткен Түрік Мемлекеттері ұйымына (TМҰ) мүше мемлекет басшыларының 10-шы саммитінде мүше елдер тарапынан 6 ақпан күнін «Апат құрбандарын еске алу және ынтымақтастық күні» ретінде жарияланғаны еске салынды.

Хабарламада «Осындай қиын кезеңде Қазақстан ТДҰ-на мүше елдермен бірге Түркияға қолау көрсеткен алғашқы елдердің бірі болды және түрік бірлігінің күшін көрсетті» делінді.

TМҰ-ның кезекті төрағасы ретінде Қазақстанның Түркияға бұл процестен тез өтуін тілегені атап көрсетілді.

2023 жылы 6 ақпан күні Кахраманмараштың Пазаржык ауданында Түркия уақытымен сағат 04.17-де магнитудасы 7,7 және  Эльбистан ауданында сағат 13.24-те магнитудасы 7,6 болған екі жер сілкінісі болып, 53 мың 537 адам қаза тапқан, 2 мың 210 адам жарақат алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар