Қазақстанда үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті

Тоқаев экономиканы 2029 жылға қарай 450 миллиард долларға жеткізу керектігін айтты.

2098998
Қазақстанда үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті

Жиынға жаңа премьер-министр Олжас Бектенов бастаған Үкімет мүшелері мен облыс әкімдері қатысты.

Бектенов басқаратын 21 министрліктен тұратын Қазақстан үкіметінде ескі кабинеттегі министрлердің көпшілігі өз орындарын сақтап қалды.

Ұлттық экономика министрлігіне, Қаржы министрлігіне, Денсаулық сақтау министрлігіне және Төтенше жағдайлар министрлігіне 4 жаңа министр тағайындалды.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылып, өткен жылы ел экономикасы 5,1 пайызға өскені айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің жаңа мақсаты экономиканы 2029 жылға қарай 450 миллиард долларға жеткізу екенін мәлімдеді.

Тоқаев елге жасанды интеллект саласындағы жетекші шетелдік сарапшыларды тарту үшін «Digital Nomad Residence» атты бағдарламаны жүзеге асыруды тапсырды.

Елге тартылған инвестицияға тоқталған Тоқаев «Инвестицияның тағы бір көзі заңсыз шығарылған активтерді қайтару болуы керек» деді.

Тоқаев «Біз елімізді әлемнің түкпір-түкпіріндегі цифрлық көшпенділер үшін тартымды орынға айналдыруымыз керек» деді.

Премьер-министр Олжас Бектенов жаңартылған Үкімет жұмысының нәтижесін көрсетуге уәде берді.



Ұқсас жаңалықтар