Түркияның вице-президенті Джевдет Йылмаз Олжас Бектеновті құттықтады

Джевдет Йылмаз Премьер-министр болып тағайындалған Олжас Бектеновке телефон шалып, құттықтады.

2099285
Түркияның вице-президенті Джевдет Йылмаз  Олжас Бектеновті құттықтады

Түркия Республикасының вице-президенті Джевдет Йылмаз Қазақстанда жаңа Премьер-министр болып тағайындалған Олжас Бектеновке телефон шалып, құттықтады.

Вице-президент Йылмаз әлеуметтік желідегі парақшасында «Мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан Қазақстан Премьер-министрі болып тағайындалған Олжас Бектенов мырзаға телефон шалып, оны жаңа қызметімен құттықтадым. Бектенов мырзаға жаңа қызметінде сәттілік тілеймін, дос және бауырлас Қазақстан халқына үлкен қызмет атқаруын тілеймін.» деп жазды.

 «Қазақстанмен қарым-қатынасымызды 2022 жылы «кеңейтілген стратегиялық әріптестік» деңгейіне көтердік. Сәуір айының соңында елімізде Үкіметаралық экономикалық комиссия отырысын өткіземіз және сауда көлемін 10 миллиард долларға жеткізу үшін әр салада ынтымақтастығымызды дамытамыз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар