Бүгін Қазақстанда Наурыз мерекесінің 8-ші күні
Биылдан бастап Наурыз Қазақстанда жаңа форматта тойлануда.
Қазақстанда жаңа форматта тойлана бастаған Наурыз мейрамы аясында барлық аймақтарда мерекелік іс-шаралар өтуде.
Биылдан бастап Наурыз Қазақстанда жаңа форматта тойлануда. Елде Наурыз мерекесін тойлау 10 күнге дейін ұзартылды.
14-23 наурыз аралығында тойланатын кезең «Наурызнама» деп аталды. Жаңа өзгерістер аясында Наурыз мерекесінің жаңа логотипі жасалды. Қазақстанның барлық өңірлерінде ұлттық киімдерді кеңінен насихаттау мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Жаңа формат аясында "Көрісу күні", "Қайырымдылық күні", "Ұлттық дәстүр күні", "Шаңырақ күні", "Ұлттық киім күні", "Жаңару күні", "Ұлттық спорт күні", "Ынтымақ күні", "Жаңа жыл" және "Тазалық күні" мерекелері тойлануда.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефонда сөйлесті
Әңгіме барысында Түркия-Қазақстан қарым-қатынастары, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды.
Орталық Азия елдері 3 сала бойынша күш біріктіруге шешім қабылдады
Қазақстан Президенті Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын Ақордада қабылдады.