Жапаров Үндістан министрін қабылдады

Садыр Жапаров: "Үндістанмен әскери қорғаныс ынтымақтастығын дамыту және күшейтуді қалаймыз" деді.

1717943
Жапаров Үндістан министрін қабылдады

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Үндістанмен әскери қорғаныс ынтымақтастығын дамыту және күшейту ниетін білдірді.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Орталық Азия сапары аясында бас қала Бішкекке барған Үндістан Сыртқы істер министрі Субрахманям Джайшанкарды қабылдады.

Қабылдауда Қырғызстан мен Үндістан арасында қауіпсіздік пен әскери қарым-қатынас салаларындағы ынтымақтастыққа тоқталған Жапаров:

"Үндістанмен әскери қорғаныс ынтымақтастығын дамыту және күшейтуді қалаймыз" деді.

Садыр Жапаров Үндістанның Қырғызстанды фармацевтикалық өнімдермен қамдайтынын, текстиль өнеркәсібі, денсаулық сақтау туризмі және басқа секторлардың қажетін қамдауда маңызды есе қосқанын айтты.

Екі ел арасындағы сауданың артқанына назар аударған Жапаров:

"Қырғызстанның энергия, өндіріс өнімдері, ауыл шаруашылығы, медицина және туризм салаларында тікелей инвестицияны тарту үшін Үндістанмен ынтымақтастықты бекемдеуді қалаймыз" деп көрсетті. 

Үндістан Сыртқы істер министрі Субрахманям Джайшанкар да екі жақтылы ынтымақтастықты арттыру және дамыту шешімін тілге тиек етті, денсаулық сақтау мен туризм салаларындағы инвестиция жобалырына назар аударатындарын айтты.

Қонақ министр екі ел үкіметтері арасында Қырғызстанның әлеуметтік экономикалық дамуы үшін маңызды 1.5 миллион долларлық жәрдем жөнінде келісімге қол қойылғанын ескертті. 

Қырғызстан Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Үндістан мен Қырғызстан дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан 1992 жылы 18 наурыздан бері ынтымақтастық ережелерін қамтыған Ортақ декларация және Стратегиялық ортақтық қарым-қатынасын орнатуға байланысты ортақ декларацияны қамтыған 62 келісім жасалғаны білдірілді. 



Ұқсас жаңалықтар