Сойлу қырғыз әріптесімен кездесті

Министр Сойлу: "Қырғызстанның және қырғыз халқының еліміз бен ұлтымыздың көңілінде ерекше орны бар" деді.

1724158
Сойлу қырғыз әріптесімен кездесті

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Қырғызстанның Ішкі істер министрі Ұлан Ниязбековпен бас қосты.

Сойлу мен Ниязбеков Стамбулда өткізілген оңаша кездесу алдында бағаландырулар жасады.

Жақында Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрі Бообек Ажикеевпен кездескенін ескерткен Сойлу Қырғызстанды әлемде тұңғыш рет таныған елдің Түркия екенін айтты. 

Сүлейман Сойлу мыналарды айтты:

"Тарихи және мәдени тәуелділігімізбен бірге алғашқы күннен бастап өзара сүйіспеншілігіміз жалғасуда. Қырғызстанның және қырғыз халқының еліміз бен ұлтымыздың көңілінде ерекше орны бар."

Түркияда көші-қоннан сандық қылмыстармен күреске, есірткіден терроризмге дейінгі көптеген салада маңызды оқиғалар болғанын айтқан Сойлу:

Қысқа уақыт ішінде Қауіпсіздік ынтымақтастық келісіміне қол қоюды үміт етеміз. Мықты бір  сапарға бірге шығамыз. Бірге істейтін жұмысымыз өте көп" деді.

Кездесу баспасөзге жабық өткізілді.    



Ұқсас жаңалықтар