Бішкек - ауасы ең лас қала

Бішкек ауасы ең лас қалалар тізімінде Үндістанның Дели қаласын артта тастап, бірінші орынға шықты.

1731382
Бішкек - ауасы ең лас қала

Қырғызстанның бас қаласы Бішкек ауасы ең лас қалалар тізімінде Үндістанның Дели қаласын артта тастап, бірінші орынға шықты.

Бішкекте ауаның World Air Quality жобасы шеңберінде өлшемдер жүргізілген басқа қалаларға қарағанда лас екені анықталды.

Үндістанның Дели қаласы ауа ластығы жағынан екінші орында. Артынан Пәкістанның Лахор қаласы келеді.

Осы үш қаладан кейін Үндістанның Калкутта және Пәкістанның Карачи қалалары келеді.

Қырғыз мамандар қыс айларында Бішкектегі ауа ластығының себебінің пеш жағу, көмірмен жұмыс істейтін жылу стансасы және автомобильдерден туындайтынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар