Ердоған Жапаровты туған күнімен құттықтады

Ердоған: "Қырғызстанмен стратегиялық өредегі қарым-қатынасымызды жалғасты дамытамыз" деді.

1743778
Ердоған Жапаровты туған күнімен құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты туған күнімен құттықтады. 

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеде президент Ердоған 53 жасқа келген Қырғызстан президенті Садыр Жапаровқа  туған күніне орай жолдаған телеграфта денсаулық пен бақыт, Қырғызстанның дос және бауырлас халқына бейбітшілік пен байлық тіледі.

"Екі елдің қауіпсіздігінің, тұрақтылығының және байлығының негізі болған тарихи және мәдени тәуелділікпен өзара тоғыстық" деген Ердоған:

"Қырғызстанмен стратегиялық өредегі қарым-қатынасымызды жалғасты дамытамыз" деп көрсетті.

Ердоған елде 28 қарашада елде бейбіт ортада өткен депутат сайлауына орай президент мен қырғыз халқын құттықтады.

Қырғызстанның солтүстігіндегі Ыстық көл аймағына қарасты Түп ауданының Кен-Су ауылында 1968 жылы 6 желтоқсанда дүниеге келген Жапаров президенттік міндетіне жыл басында сайланды.



Ұқсас жаңалықтар