Қырғызстан мен Тәжікстан шекарадағы атысты тоқтату туралы келісімге келді

27 қаңтар күні Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында жанжал шығып, соңы атысқа ұласқан еді.

1769624
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарадағы атысты тоқтату туралы келісімге келді

Қырғызстан мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің мәліметінше кездесулердің нәтижесінде шекарада атысты тоқтату жөнінде келісімге келгені білдірілді. 

Тараптардың шекараға, тұрақты орналастыру орындарына тартылған қосымша күштер мен құралдарын шығару; Баткен-Исфана тасжолындағы қозғалысты ашу және қақтығыстардың алдын алу мақсатында Қырғызстан мен Тәжікстанның құқық қорғау қызметкерлерінің шекаралық аймақтарды бірлесіп патрульдеуі туралы келісімге келгені баяндалды. 

Шекара аймағында өткізілген кездесуге Қырғызстанның Баткен облысы губернаторы  Абдикарим Алимбаев, Қырғызстанның Баткен шекара басқармасының өкілі полковник Қиалбек Толонбаев, Тәжікстанның Соғды облысының губернаторы Раджабб Ахмазода, Тәжікстан шекара басқармасы өкілі Хикматулло Пиракзодамен қатар қауіпсіздік бөлімшелерінің өкілдері қатысты. 

Еске сала кетейік, 27 қаңтар күні Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында жанжал шығып, соңы атысқа ұласқан еді.

 



Ұқсас жаңалықтар