Қырғызстанға Түркиядан әскери көмек

Түркия Қырғызстанға әскери-техникалық құралдармен көмек көрсетті.

1781030
Қырғызстанға Түркиядан әскери көмек

Түркия Қырғызстанға әскери-техникалық құралдармен көмек көрсетті.

Әскери қаржылық ынтымақтастық келісімі аясында Түрік Қарулы Күштері  Қырғызстан армиясына «Отокар» маркалы автобустар мен олардың қосалқы бөлшектерін, робокоп қорғаныс құралдарын, өлтірмейтін қару-жарақ пен оқ-дәрілерді, болат кеудешелерді, телекоммуникациялық және электро-оптикалық материалдарды берді.

Сондай-ақ Ішкі істер министрлігі Land Rover көліктерін, қосалқы қозғалтқыштарды, қысқы етік пен рюкзактарды сыйға тартты.

Түркияның Қырғызстандағы өкілетті елшісі Ахмет Садык Доған мен Қырғызстан Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, полковник Таалайбек Усубалиевтің қатысуымен Ұлттық ұлан қолбасшылығында қаруды тапсыру рәсімі өтті.

Усубалиев өз сөзінде Түркия елшісіне әскери-техникалық жарақтандыру бойынша көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты. «Бұл көмек біздің мемлекеттеріміз бен қарулы күштеріміз арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейінің тікелей айғағы болып табылады» деді ол.

Қырғыз лауазым иесі «Осы көмек арқылы біз әскери қауіпсіздікті сақтаудағы ең өзекті мәселелерді шеше аламыз» деді.

Елші Доған да Қырғызстан қарулы күштеріне берілген материалдардың пайдалы болуын тіледі.



Ұқсас жаңалықтар