Жапаров сыртқы істер министрлерін қабылдады

«Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 4-ші ақылдастар жиналысы» ертең Қырғызстанда өтеді.

1857244
Жапаров сыртқы істер министрлерін қабылдады

Қырғызстанның демалыс орталығы Чолпон-Атада ертең өтетін «Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 4-ші ақылдастар жиналысына» қатысатын елдердің Сыртқы істер министрлері Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен кездесті.

Президенттің баспасөз орталығынан жасалған мәлімдемеде президент Жапаровтың Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен бірге Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Тәжікстан Сыртқы істер министрі Сирожиддин Мухриддин, Өзбекстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Владимир Норов және Түркіменстанның Қырғызстандағы елшісі Шадурды Мередов қатарлыларды қабылдағаны білдірілді.

Сыртқы істер министрлерінің «Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 4-ші ақылдастар жиналысының» негізгі жұмыстары бүгін аяқтағаны және жиналыс үшін мықты бір хаттама пакеті дайындағаны жарияланды.

Садыр Жапаров сөзінде Орталық Азия елдері тарапынан аймақтық диалог үшін таңдалған жолдың аймақтың өркендеуіне және халқтың баюына қызмет ететініне сенетінін тілге тиек етті.

Екі жақтылы қарым-қатынастармен бірге елдер арасында бай күн тәртіп бар екенін айтқан Жапаров аймақтық ынтымақтастықты бекемдеу мен кеңейту әрі  аймақтық, әрі Орталық Азиядағы елдердің өркендеуіндегі шешуші мәселе екенін білдірді.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров аймақтық ұйымшылдық жайлы: "Қырғыз тарапы бәсекелесуге емес, өзара сауда мөлшерін арттыруға, шетелдік инвестицияны тікелей тартуға, ынтымақтастық пен толықтаушы міндетіне мән береді" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар