Ақсақалдар бас қосты

Ақсақалдар кеңесі құрамына Бердімұхамедов қосылды.

1864984
Ақсақалдар бас қосты
TDT.1.jpg
TDT.2.jpg
TDT.3.jpg

Қырғыз елордасы Бішкекте биыл 13-ші рет ұйымдастырылған Түрік Мемлекеттері Ұйымының Ақсақалдар кеңесінің жиналысы басталды.

Түркиядан Әділет және даму партиясының төрағасының орынбасары Бинали Йылдырым басшылық жасаған жиналысқа ТМҰ Бас хатшысы Бағдат Әміреев, Қырғызстан өкілі Медетхан Шерімқұлов, Әзербайжан өкілі Хасан Хасанов, Қазақстан өкілі Икрам Әдірбек, Өзбекстан өкілі Бахтияр Сайфуллаев қатысуда.  Түрікменстан атынан Режеп Базаров келді.

Жиналыстағы сөзінде Өзбекстанда 11 қараша күні өтетін ТМҰ саммитіне тоқталған Бинали Йылдырым «Бұдан бұрын 29 қыркүйек-2 қазан күндері арасында Түркияның Бурса қаласының Изник ауданында Бүкіләлемдік Көшпенді ойындарын өткіземіз. Мақсатымыз - осы ойындарды әлем елдеріне насихаттау,  мәдени бірлігімізді нығайту» деді.

Йылдырым осы ойындардың алдағы уақытта түрік мемлекеттері және түрік әлемі үшін олимпиада ерекшелігінде болатынын айтты.

Түрікменстанның бұрынғы президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедовтың Ақсақалдар кеңесіне қосылғанын айтқан Йылдырым: «Бұл – Ақсақалдар кеңесіне күш-қуат беретін маңызды қадам.  Оның кеңес құрамында орын алуы бізге күш береді» деді.

ТМҰ Бас хатшысы Бағдат Әміреев те Еуразия жағрафиясының түрлі сынақтан өтіп жатқанын айтып: «Әлемде және аймағымызда болып жатқан қиыншылықтар мен емтихандар түрік мемлекеттерінің ынтымақтастығының артуы керектігін көрсететін шындық» деді.



Ұқсас жаңалықтар