«Украина порттарынан астық экспорттау – үлкен жетістік»

Қырғызстан Сыртқы істер министрі Түркияның саясатын қолдайтындарын мәлімдеді.

1869538
«Украина порттарынан астық экспорттау – үлкен жетістік»

Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев Түркияның Украина соғысындағы саясатын қолдайтындарын мәлімдеді.

«Украина порттарынан астық экспорттау – үлкен жетістік» деді ол.

Ресми сапары аясында ел астанасы Анкараға келген Жээнбек Кулубаев баспасөзге берген мәлімдемесінде Түркия мен Қырғызстан арасында алдағы уақытта көптеген бірлескен жұмыс болатынына сенетінін баса айтты. «Өйткені экономикамыздың өркендеуінде түрік мемлекетінің рөлі зор, халықаралық ұйымдарда Түркия бізді қолдайды, бізге түрік мемлекетінің тәжірибесі қажет» деді ол.

Кулубаев 24 ақпанда басталған Ресей-Украина соғысына байланысты Қырғызстан мен Орталық Азияда барлық өнімдер бағасының көтерілгенін, сондықтан аймақ елдерінің азық-түлік қауіпсіздігінің балама жолдарын іздей бастағанын айтты.

Түркия және Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен жасалған астық дәлізі туралы келісімге тоқталған Кулубаев: "Президент Режеп Тайып Ердоғанның, Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуның Украинадағы делдалдық саясатын қолдаймыз. Украина порттарынан астық экспорттау - үлкен жетістік. Бұл жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне  оң әсер етті. Сондықтан Түркия елінің делдалдық саясаты жақсы болашаққа жетелейді деп сенеміз, Орталық Азия болашақта тұрақтылық пен ынтымақтастық орталығы болады» деді.

Орта дәліз мәселесіне тоқталған Қулубаев бұл жобаның Қытайдан Еуропаға жүктерді ыңғайлы әрі қысқа жолмен тасымалдауға мүмкіндік беретінін айтты. «Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан» темір жолының құрылысы жобасы бойынша іс-шаралар соңғы уақытта жанданғанын білдірген Қырғызстан Сыртқы істер министрі: "Қазіргі уақытта Түрік Мемлекеттері Ұйымы (ТМҰ) шеңберінде мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы Халықаралық аралас жүк тасымалдау келісімі талқылануда.  Келісімнің халықаралық жүк тасымалдауды жеңілдету үшін жоғары әлеуеті мен мүмкіндігі бар" деді.



Ұқсас жаңалықтар