Қырғыз-тәжік шекарасында тағы да жанжал шықты

Қақтығыс Баткен облысының Бұлақ-Башы ауданында болды.

1879936
Қырғыз-тәжік шекарасында тағы да жанжал шықты

Қыркүйектің 14-і күні қырғыз-тәжік шекарасында тағы да жанжал шықты.

Қақтығыс Баткен облысының Бұлақ-Башы ауданында болды.

Қырғыз тарапының аумақтан кету талабын елемеген тәжік шекарашылары оқ жаудырған. Бұған жауап ретінде Қырғызстан шекарашылары да қару қолданған.

Қырғызстан шекарасында болған қарулы қақтығыста тәжікстандық бір сарбаз қаза тауып, 2 жауынгер жараланды.

Қырғызстан Шекара қызметінің мәлімдемесінде бүгін таңертең жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00 шамасында Баткен облысының Тәжікстанмен шекаралас бөлігінде екі ел сақшылары арасында қарулы қақтығыс шыққаны жарияланды.

Мәлімдемеде екі ел лауазымды иелерінің кездесуі нәтижесінде жергілікті уақыт бойынша сағат 12:40 шамасында қарулы қақтығыстың аяқталғаны атап көрсетілген мәлімдемеде, шекара желісінде жағдайдың шиеленіскен күйде болғаны жайлы мағлұмат берілді. 

Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігі қақтығыс кезінде өз жақтан ешкімнің қаза тапқанын немесе жараланбағанын атап өтсе, Тәжікстан билігі бір сарбазының қаза тауып, екеуінің жараланғанын хабарлады.

 

 



Ұқсас жаңалықтар