Жапаров пен Путин телефонда сөйлесті

Қырғызстанда 19 қыркүйек "Ұлттық аза күні" деп жарияланды.

1881361
Жапаров пен Путин телефонда сөйлесті

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ресей президенті Владимир Путинмен қызғыз-тәжік шекарасындағы жағдайды телефонда кеңесті.

Қырғызстан Президенттік сарайының Баспасөз орталығынан жасалған жазбаша мәлімдемеде Жапаровтың Путинге телефон шалып, қырғыз-тәжік шекарасында болған қақтығыста бейбіт халықтың қаза тапқаны, көптеген әлеуметтік және азаматтық инфрақұрылымның зақымдалғаны жайлы мәлімет бергені білдірілді.

Лидерлер Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы дағдарысты қысқа уақытта бейбіт және дипломатиялық жолмен шешудің маңызына тоқталды.

Президент Жапаров Қырғызстанның Баткен облысындағы қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыста қаза тапқандарды еске алу мақсатымен 19 қыркүйекті "Ұлттық аза күні" деп жариялады.

Жапаров қақтығыста зардап шеккен әкімшілік және азаматтық құрылыстарды қайта салу және жөндеумен бірге жараларды жазуға байланысты басты шаралар белгіленген құжатқа қол қойды. 

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында белгісіз себептермен екі ел қорғаушы жасақтары арасында болған қарулы қақтығыста Қырғызстан тарапында 36 кісі қаза тапты, 129 кісі жараланды.



Ұқсас жаңалықтар