БҰҰ-да Қырғызстанның бастамасы қабылданды

Қырғызстан «Таулы аймақтарды дамытудың 5 жылдық іс-қимыл жоспары» қабылданғанын хабарлады.

1919989
БҰҰ-да Қырғызстанның бастамасы қабылданды

Қырғызстан Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас Ассамблеясының 77-сессиясында «Таулы аймақтарды дамытудың 5 жылдық іс-қимыл жоспары» қабылданғанын хабарлады.

Қырғызстан Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Қырғызстанның бастамасымен БҰҰ Бас 77-ші сессиясында алға қойылған «Таулы аймақтарды дамытудың 5 жылдық әрекет жоспары» атап өтілді. Ассамблеяда қабылданған бұл шешім таулы елдердің, соның ішінде Қырғызстанның экономикасына көмек көрсетуге және инвестиция тартуға мол мүмкіндіктер береді.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қыркүйекте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясында таулы аймақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған 5 жылдық іс-қимыл жоспарына қатысты бастамасын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар