Қырғызстан мен Өзбекстан шекарада келісті

Келісімге сәйкес, Өзбекстан Қырғызстанға 19 699 гектар жер береді.

1934540
Қырғызстан мен Өзбекстан шекарада келісті

Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев өз елі мен Өзбекстан арасында қол қойылған шекара келісімінің бүкіл аймақтың мүдделеріне жауап беретінін айтты.

Кулубаев мемлекеттік радиода бір бағдарламаға қатысып, Өзбекстанмен шекарада 30 жылға созылған келіссөздерді аяқтағандарын білдірді.

Екі ел арасында қол қойылған шекара келісімінің бүкіл аймақтың мүдделеріне жауап беретінін баса айтқан Кулубаев Қырғызстан мен Өзбекстанның шекаралық келісімін Ресей, Қазақстан және Еуропа елдері өте жақсы қабылдағанын мәлімдеді.

Қырғыз-өзбек шекарасын анықтау туралы келісімге сәйкес, Өзбекстан Қырғызстанға 19 699 гектар жер береді.

Андижан бөгетін бірлесіп басқару туралы келісімге сәйкес бөгет орналасқан 4485 гектар жер Өзбекстанға қалдырылады.

Өзбекстан қырғыздардың су ресурстарына еркін және кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді және су ресурстарына қосымша құрылыстар салмайды.

Өзбекстан мен Қырғызстан арасында 1379 шақырымдық ортақ шекара бар. Жылдар бойы тараптар шекараның 200 шақырымдық бөлігіне қатысты келісімге келе алмап еді.

Ал келесі аптада Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қырғызстанның астанасы Бішкекке барады деп күтілуде.



Ұқсас жаңалықтар