Қырғызстан мен Қытай келісімдерге қол қойды

Қырғызстан президентінің Қытайға тұңғыш ресми сапары барысында құны 1 миллиард доллардан асатын келісімдерге қол қойылды.

1989353
Қырғызстан мен Қытай келісімдерге қол қойды

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың Қытайға тұңғыш ресми сапары барысында құны 1 миллиард доллардан асатын келісімдерге қол қойылды.

Президенттік аппараттың Баспасөз орталығы Жапаровтың 17-20 мамыр күндеріндегі сапарында түрлі келісімдерге қол қойылғанын хабарлады. Берілген мәліметке қарағанда, Жапаровтың Қытай сапарында энергия, егіншілік және кинемотография саласында қол қойылған келісімдер және жобаларға орын берілді.

Қырғызстан Энергия министрлігі мен «China Power International Development Limited» компаниясы арасында қол қойылған инвестиция келісіміне қарағанда,  Қырғызстанның Ыстықкөлде 800 миллион долларлық күн энергиясы стансасы салынады.

Қырғызстан Егіншілік министрлігі мен «Hebei LLC Bai Dou Jia» компаниясы арасындағы келісімге қарағанда,  Қырғызстанда 260 миллион долларлық бір тыңайтқыш өндіру базасының құрылыс жобасы атқарылады.

 Қырғызстан Мәдениет, информация, спорт және жастар саясаты министрлігі мен «Shaanxi Tianhan Shengdian Film Company Ltd.» компаниясы арасында 38 миллион долларлық «Жібек жолының алыс самалы» атты ортақ сериалы жобасы басталады.

«Beijing Zhongyi Boyue Culture Media Co.» компаниясымен бірге 25 миллион долларлық «Бішкек махаббаты» атты телехикая түсіріледі.



Ұқсас жаңалықтар