Ресей мен Қырғызстан бірлескен жүйе құрады

2022 жылдың 16 тамызында екі ел арасында қол қойылған келісімге сай ресейлік тарапқа Қырғызстаннан уақытша пайдалануға аумақ беріледі.

1992547
Ресей мен Қырғызстан бірлескен жүйе құрады

Ресей президенті Владимир Путин өз елі мен Қырғызстан арасындағы бірлескен аймақтық әуе қорғаныс жүйесін құру туралы келісімді бекітетін заңға қол қойды.

Ресей Мемлекеттік заң ақпараттық жүйесінде жарияланған Путин қол қойған заңға негізделгенде Ресей мен Қырғызстан бірлескен аймақтық әуе қорғаныс жүйесін құрады.

Бұл жүйе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің әуе шабуылына қарсы қорғанысындағы біртұтас жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатыны, осылайша өңірдің әуе шабуылына қарсы қорғанысын жетілдіретіні атап өтілді.

2022 жылдың 16 тамызында екі ел арасында қол қойылған келісімге сай ресейлік тарапқа Қырғызстаннан уақытша пайдалануға аумақ беріледі.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының басқа өңірлік әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне кіретін Ресей-Қырғызстан Біріккен аймақтық әуе қорғаныс жүйесі әскерлерінің бірлескен іс-қимылдарын үйлестіруді Ресей Әскери-әуе күштері қолбасшылығы жүзеге асырады.



Ұқсас жаңалықтар