Түрік Инвестициялық қоры Әзербайжанда мақұлданды
Қор Түрік Мемлекеттері Ұйымына мүше елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастыққа қолдау көрсетеді.
Әзербайжанның Ұлттық Мәжілісі Түрік Инвестициялық қорын құру туралы келісімді мақұлдады.
Құрылтайшылары Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан болып табылатын қордың құрылуы туралы жоба Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің мақұлдауынан кейін күшіне енеді.
Бірінші кезеңде капиталы 500 миллион доллар болатын қор Стамбулдан басқарылады.
Қор Түрік Мемлекеттері Ұйымына мүше елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастыққа қолдау көрсетеді.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефонда сөйлесті
Әңгіме барысында Түркия-Қазақстан қарым-қатынастары, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды.
Орталық Азия елдері 3 сала бойынша күш біріктіруге шешім қабылдады
Қазақстан Президенті Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын Ақордада қабылдады.