Қырғызстанда жасырын қылмыстық топ анықталды

Ұйымның басты ұйымдастырушысы, әрі идеологиялық дем берушісі екені айтылған Елдік Кеңес партиясының төрайымы Роза Нұрматовамен бірге 4 белсендінің қамауға алынғаны білдірілді.

1996053
Қырғызстанда жасырын қылмыстық топ анықталды

Қырғызстанда төңкеріс жасауға дайындалғаны алға тартылған кейбір адамдар ұсталды.

Ұлттық Қауіпсіздік комитеті осы тақырыпқа қатысты мәлімдемесінде елде жаппай наразылықтар мен ауқымды тәртіпсіздіктер жасап, билікті басып алуға жасырын дайындалған топтың заңсыз әрекеттерінің анықталғаны және тосылғаны білдірілді.

Алынған мәліметтер мен жиналған аудио-суреттер бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот шешімімен бірқатар тергеу жұмыстары басталғаны хабарланды.

Мәлімдемеде тергеу аясында 30-дан астам адамның ұсталғаны және басты ұйымдастырушысы, әрі идеологиялық дем берушісі екені айтылған Елдік Кеңес партиясының төрайымы Роза Нұрматовамен бірге 4 белсендінің қамауға алынғаны білдірілді.

Мәлімдемеде аталған қылмыстық ұйымның ұзақ уақыт бойы содырларды өздеріне тартумен айналысқаны және саяси партия жетекшісінің билікті басып алу жоспарына сәйкес тұрақты түрде жасырын жиналыстар өткізгені және осы ұйымдасқан топттың еліміздің әрбір облысынан маңызды міндеттер берілген100-ден астам адамнан құралғаны мәліметі бөлісілді.

Мәлімдемеде:

"Қылмыстық топтың шетелдік қаржыгерлердің жәрдемін алуды күткені және қоғамда белгілі себептермен тынышсыздық туылған кезде төңкеріске кірісуді жоспарлағаны" білдірілді.

Сөз болып отырған ұйым мүшелері «қылмыскерлер» деп сипатталғаны, оқиғаға қатысты тергеудің жалғасып жатқаны атап өтілді.



Ұқсас жаңалықтар