Манас - адам баласының ортақ мұрасы

Одрэ Азуле Жапаровқа қолжазбаның "Материалдық емес мұра" тізіміне енгізілгені жөніндегі сертификатты табыстады.

1997793
Манас - адам баласының ортақ мұрасы

ЮНЕСКО қырғыздардың атақты Манас дастанының алғашқы қолжазбасын «адам баласының ортақ мұрасы» деп жариялады.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров ресми сапармен елге келген ЮНЕСКО Бас директоры Одрэ Азулені қабылдады. Азуле президент Жапаровқа манасшы Сағынбай Орозбақовтың аузынан жазып алынған қолжазбаның Материалдық емес мұра тізіміне енгізілгені жөніндегі сертификатты табыстады.

Мың жылдан бері ауыздан ауызға тарап бүгінгі күнге жеткен қырғыз халқының энциклопедиясы іспеттес Манас дастаны 1867 жылы Ыстықкөл өңірінде өмірге келген Сағынбай Орозбақовтың аузынан 180 мың 378 жолдың жинақталуымен бірінші рет қағазға түсірілген болатын.

Манас мәтінін бірінші рет қағазға түсірген манасшы ретінде тарихта қалған Сағынбай жыршының аузынан мәтін 1922 жылы қағазға түсіріле бастап, 1926 жылы аяқталған.

Манас дастанында қырғыз халқының әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, көзқарасы, нанымы, рулық байланыстары, ертегілері және адамгершілік ерекшеліктері қамтылған.

Дастан ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізіміне енгізілген 4 желтоқсан күні жыл сайын «Манас дастаны күні» ретінде тойланады.



Ұқсас жаңалықтар