Бішкек соңғы жылдары ауасы ең лас қалалардың басында келеді
Бішкек қала әкімшілігі үкіметпен бірлесе отырып, ауаның ластану салдарын азайту жұмыстарын бастады.
Қырғызстанның бас қаласы Бішкек соңғы жылдары ауасы ең лас қалалардың басында келеді.
Бішкек қала әкімшілігі үкіметпен бірлесе отырып, қаладағы ауаның ластану салдарын азайту жұмыстарын бастады.
Шамамен бір миллионға жуық адам тұратын бас қаланы ыстық сумен қамтамасыз ететін және Бішкектегі ауаның ластануының маңызды себептерінің бірі ретінде қабылданатын Бішкек жылу станциясының көмір қолданысын табиғи газға көшіру күн тәртібінде.
Бас қаладағы 22 мектеп, балабақша мен жатақханада көмір қазандықтары осы жұмыстар аясында көгілдір отынға көшірілді.
Сонымен қатар биылғы жылы табиғи газбен жүретін 800 автобус сатып алу арқылы қоғамдық көліктердің шығарындыларын азайту мақсат етілуде.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефонда сөйлесті
Әңгіме барысында Түркия-Қазақстан қарым-қатынастары, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды.
Орталық Азия елдері 3 сала бойынша күш біріктіруге шешім қабылдады
Қазақстан Президенті Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын Ақордада қабылдады.