Халық құрылтайы құрылды

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 29 маусым күні мәжілісте қабылданған заңды бекітті.

2015776
Халық құрылтайы құрылды

Қырғызстанда елдің күн тәртібіндегі тақырыптар жөнінде «кеңес» беру өкілеттігіне ие Халық құрылтайының мәртебесіне байланысты заң бекітілді.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 29 маусым күні мәжілісте қабылданған заңды бекітті.

Осы заң арқылы Халық құрылтайына сайланатын делегат саны, сайлану шарттары, Халық құрылтайы тарапынан қаралатын тақырыптар, басқару органдары және заң шығары бастамалары секілді мәселелер анықталды.

Қырғызстанда 2021 жылы атазаңға байланысты референдумда Халық құрылтайы атты органның қалыптастырылуы қабылданған еді.  Халық құрылтайы бірінші рет ел ішінен және шетелден 148-і әйел, 924-і ер адам, барлығы 1072 делегаттың қатысуымен 2022 жылдың 25 қараша күні бас қосқан болатын.  Делегаттар алғашқы жиында құрылтайдың мәртебесіне байланысты заңның қабылдануын ұсынған еді.

Президент Жапаров та Халық құрылтайына байланысты заңның жобасын мәжіліске жіберген болатын.



Ұқсас жаңалықтар