Қырғызстан мен Тәжікстан шекарада келісті

Екі ел арасында ең соңғы қақтығыс 2022 жылдың 14 қыркүйек күні болып,  екі жақтан да ондаған адам қаза тапқан еді.

2021791
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарада келісті

Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы 970 километрлік шекараның талас болған 503 километрлік бөлімінде 101,9 километрлік жерінде келісімге келінді.

Қырғызстан Үкіметінің баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, жылдың басынан бері жүргізілген жиналыстар және бүгін Тәжікстанның бас қаласы Душанбеде өткен жиында 101,9 километрлік бөлік айқындалды.

Қырғызстан талас болған шекарада 2021 жылдың 28-30 сәуір күндері шыққан қақтығыс себебімен 21 мамыр күнінен бастап шекара мәселесі шешілгенге дейін Тәжікстанмен кеден қақпаларын жауып тастаған болатын.

Екі ел арасында ең соңғы қақтығыс 2022 жылдың 14 қыркүйек күні болып,  екі жақтан да ондаған адам қаза тапқан еді.



Ұқсас жаңалықтар