Ресеймен бірігіп әуе қорғаныс жүйесін құрады

Мәжіліс келісімді бекітті.

2049557
Ресеймен бірігіп әуе қорғаныс жүйесін құрады

Қырғызстан мәжілісі Ресеймен бірігіп аймақтық әуе қорғаныс жүйесі құрылуына байланысты келісімді бекітті.

Мәжілістің интернет парақшасындағы хабарға қарағанда, Мәжіліс отырысында талқыланған Қырғызстан мен Ресей арасында ортақ аймақтық әуе қорғаныс жүйесі құрылуына байланысты келісім ратификацияланды. Аталмыш заң жобасы Мәжіліске Қырғызстан үкіметінің инициативасы және Қорғаныс вице-министрі Алмазбек Карасартов тарапынан ұсынылған болатын.

Карасартов заң жобасына байланысты «Бұл келісім арқылы екі елдің ортақ әуе қорғаныс жүйесі қалыптастырылады. Осы келісім үшін елдегі Кант қаласындағы орыс әуе базасына жақын жерде 5 гектарлық алаң бөлінеді» деді.

Келісімге екі ел арасында Мәскеуде 2022 жылдың 16 тамыз күні қол қойылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар