ТМҰ елдері БАҚ өкілдері бас қосты
БАҚ және ақпарат саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.
Қырғызстанда Түркі Мемлекеттері Ұйымының (ТМҰ) БАҚ және ақпарат саласындағы ынтымақтастық жұмыс тобының 10-шы отырысы өтті.
Ел астанасы Бішкекте Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты вице-министрі Чыңғыз Есенгұлұлының төрағалығымен өткен жиынға Әзербайжан, Түркия, Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан және Түрікменстаннан мемлекеттік қызметкерлер мен БАҚ басшылары қатысты.
Кездесуге Түркиядан Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасының Қоғамдық дипломатия департаментінің басшысы Огуз Гүнер, Анадолы агенттігінің (AA) стратегиялық коммуникациялар және сыртқы байланыстар менеджері Хазал Дуран, TRT Avaz халықаралық байланыстар және корпоративтік коммуникациялар қызметкері Гөкчен Оған қатысты.
Кездесуде ТМҰ-ға мүше елдер арасында БАҚ саласындағы білім мен дағдыларды алмастыру бойынша ынтымақтастықты дамытуға қатысты жыл сайынғы іс-шаралар жоспары, Өзбекстанда өтетін 2-ші Халықаралық медиа форумы, министрлік өкілдерін оқыту бағдарламасы, ортақ хабар арнасы және Түрік ақпарат агенттіктері қауымдастығының құрылуы талқыланды.
БАҚ және ақпарат саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының отырысы аясында «ChatGPT жасанды интеллект қосымшасы мысалында жасанды интеллекттің артықшылықтары мен кемшіліктері» және «Гибридтік соғыстар 21-ғасырдағы қауіпсіздік қатері» атты екі сессия өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефонда сөйлесті
Әңгіме барысында Түркия-Қазақстан қарым-қатынастары, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды.
Орталық Азия елдері 3 сала бойынша күш біріктіруге шешім қабылдады
Қазақстан Президенті Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын Ақордада қабылдады.