Ел туында көзделген өзгеріске байланысты заң жобасы қаралып жатыр
Аталмыш жоба екінші және үшінші талқылауда да қабылданғаннан кейін президентке ұсынылады.
Қырғызстан мәжілісі ел туында көзделген өзгеріске байланысты заң жобасын қабылдады.
«Қырғыз Республикасы Мемлекеттік нышандар жөніндегі заңда өзгеріс енгізуге байланысты заң жобасы» Қырғызстан мәжілісі төрағасы Нұрланбек Шакиевтің басшылығында дауысқа салынды.
Мәжіліс Атазаң комитетінде де талқыланған заң жобасы арқылы ел туында өзгеріс жасалуын көздейді. Шакиев пен депутат Ұлан Примов дайындаған заң жобасы бірінші талқылауда қабылданды. 90 орынды мәжілісте дауысқа салуға қатысқан 74 депутаттың 66-сы «қабыл» даусын қолданды.
Аталмыш жоба екінші және үшінші талқылауда да қабылданғаннан кейін президентке ұсынылады.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефонда сөйлесті
Әңгіме барысында Түркия-Қазақстан қарым-қатынастары, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды.