Елінің ішкі істеріне араласпауды сұрады

Қырғызстан президенті Блинкенге жауап хат жолдады.

2101134
Елінің ішкі істеріне араласпауды сұрады

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Америка Құрама Штаттарынан (АҚШ) елінің ішкі ісіне араласпауды сұрады.

Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов президент Жапаровтың АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенге жолдаған жауап хатын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Блинкенге жазған хатында Жапаров "Сіздің хатыңыздың мазмұнында мемлекетіміздің ішкі ісіне араласу белгілері бар екенін байқадым. Менің сізден бір ғана өтінішім – еліміздің ішкі істеріне араласпаңыз» деді.

Хатында Жапаров парламентте талқыланып жатқан «Үкіметтік емес ұйымдар туралы» заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жобасы мен шетелден қаржыландырылатын үкіметтік емес ұйымдар туралы да өз пікірін білдірді. Ол аталған заң жобасы арқылы мемлекеттің шетелдік коммерциялық мақсат тысындағы үкіметтік емес ұйымдарға ақшаның қайдан түсетінін, кімнің, қалай және қандай мақсатқа жұмсалғанын  бақылауды мақсат етіп отырғанын айтты.

Жапаров Қырғызстандағы мемлекеттік органдардың бастамасымен дайындалған «Шетел агенттері, БАҚ және үкіметтік емес ұйымдарға» байланысты заң жобаларына кейбірлеулердің қарсы шыққанын білдірді.

Өз елінің барлық елдермен және халықаралық серіктестермен, соның ішінде АҚШ-пен жұмыс істеуге дайын екенін атап өткен Президент Жапаров Блинкенге хатында “Сізді Қырғызстандағы адам құқықтары мен бостандықтары Қырғыз Республикасының Конституциясы және заңдары аясында сенімді түрде қорғалатынын өз көзіңізбен көруге шақырамын” деді.

Жапаровқа жолдаған хатында Блинкен жаңа заң жобасына қатысты сын мен алаңдаушылықтарын білдірген еді.



Ұқсас жаңалықтар