Могерини ЕО-ның Израильдің Голан Төбелері жөніндегі егемендігін танымайтынын айтты

Израиль Сирияның территориясы болып табылатын Голан Төбелерін 1967 жылдан бері жаулап жатыр.

1171963
Могерини ЕО-ның Израильдің Голан Төбелері жөніндегі егемендігін танымайтынын айтты

Еуропа Одағының Сыртқы байланыстар және Қауіпсіздік саясаттары жоғары өкілі Федерика Могерини Еуропа Одағының Израиль жаулап жатқан Голан Төбелері жөніндегі егемендігін танымайтынын айтты. 

Федерика Могерини Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамптың "Голан төбелеріндегі Израильдің егемендігін АҚШ-тың ресми танитынын" жариялаған президенттік шешімге қол қоюының артынан Еуропа Одағына мүше 28 ел атынан жазбаша мәлімдеме жасап, "Еуропа Одағының Голан Төбелерінің егемендігіне байланысты тұғыры өзгермейді" деп көрсетті.

Федерика Могерини Еуропа Одағының халықаралық құқық және Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 242 және 497 номерлі резолюцияларына сай, Израильдің жаулап отырған Голан төбелеріне байланысты егемендігін танымайтынын атап көрсетті.

  Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп пен Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Ақ Үйде ұйымдастырған баспасөз мәслихатында Голан төбелеріне байланысты шешімдерін жариялаған болатын.

"Голан төбелеріндегі Израильдің егемендігін АҚШ-тың ресми танитынын" жариялаған президенттік шешімге қол қойған президент Трамп 21 наурызда Твиттер есебінен "52 жылдан кейін АҚШ үшін Израильдің Голан Төбелеріндегі егемендігін толық танитын уақыты келді" деген бағаландыру жасаған еді. 

Израиль Сирияның территориясы болып табылатын Голан төбелерін 1967 жылдан бері жаулап жатыр. 



Ұқсас жаңалықтар