Германияда Палестина топырақ күні шеруі

Берлинде палестиналық азаматтық қоғам мекемелері 30 наурыз Палестина топырақ күніне орай шеруге ұйымдастырды.

1173965
Германияда Палестина топырақ күні шеруі

Берлинде палестиналық азаматтық қоғам мекемелері тарапынан 30 наурыз Палестина топырақ күнінің 43 жылдығына орай шерулер ұйымдастырылды.

Hermannplatz алаңында шамамен 250 адамның қатысуымен ұйымдастырылған шеруде «Израиль тұтқындаған палестиналықтарға еркіндік», «Бір күні қайта ораламыз», «Палестинаға еркіндік» жазылған плакаттар ұсталды.

Берлин Палестина қоғамынан доктор Ахмад Мухайсен осында жасалған мәлімдемеде Израильдің әртүрлі заңсыздық және зұлымдықпен Палестина жерін басып алуға тырысқанын, халықаралық қоғамның болса осыған үнсіз қарағанын атап көрсетті.

Израильдің осы уақытқа дейін БҰҰ қабылдаған қарарларды бұзғанын тілге тиек еткен Мухайсен «АҚШ президенті Дональд Трамптың негізгі мамандығы жылжымайтын мүлік саудасы. Иерусалимді де жылжымайтын мүлік сияқты көреді және қазір Израильге сыйға тартты. Қазір Голан төбелерін сыйға тартады. Ал енді кезекте қай жер бар. Батыс Шерия ма әлде Мекке ме?» деп сұрады.

Палестиналықтар 2018 жылдың 30 наурыз күнінен бастап, қоршау астындағы Газа секторының Израиль шекарасында «Ұлы көш шеруі» атымен бейбітшіл шерулер ұйымдастыруда.

Израиль әскерлері болса айдалған аймақтарға қата оралу және 2006 жылдан бері Газа секторына жасалған заңсыз қоршаудың жойылуын талап еткен жазықсыз халыққа қарсы нағыз оқ атуда.



Ұқсас жаңалықтар