Жапонияда "Жалғыздық министрі" тағайындалды

Тецуши Сакамото жалғыз өмір сүретін адамдардың мәселелеріне жауапты "Жалғыздық министрі" болып тағайындалды.

1590901
Жапонияда "Жалғыздық министрі" тағайындалды

Жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті себепті өз жанын қию оқиғасы артқан Жапонияда премьер-министр Суга Аймақтық министр міндетін атқарып жатқан Тецуши Сакамотоны "Жалғыздық министрі" деп тағайындады. 

Жапонияның коронавирус індетіне қарсы күресінде әлеуметтік өмірдің тоқырауға беталғаны, халықтың өзін барған сайын ашушаң және жалғыз сезінгені байқалды.

Елде жанын қиғандар саны артты. Осы оқиғаларды тосу мақсатымен аттанысқа келген Жапония премьер-министрі Йошихиде Суга Аймақтық Өркендеу министрі міндетін атқарып жатқан Тецуши Сакамотоны жалғыз өмір сүретін адамдардың мәселелеріне жауапты "Жалғыздық министрі" деп тағайындады. 

Тецуши Сакамото жаңа міндетіне байланысты мәлімдемесінде:

"Жапония премьер-министрі Йошихиде Суга тақырыпты зерттеу және қатысты министрліктермен сәйкесіп, көлемді бір стратегия қолдану үшін маған бұйрық берді.  

Әлеуметтік жалғыздық пен оқшаулануды тосу және адамдар арасындағы тәуелділікті қорғау мақсатымен іс-шаралар ұйымдастыруды үміт етемін" деді. 



Ұқсас жаңалықтар