Босқындар Парижде шатыр құрды

Олар мемлекеттен көмек күтеді.

1664653
Босқындар Парижде шатыр құрды

Францияда ата-анасыз балалар мен заңсыз босқындар нашар жағдайларын естірту мақсатымен «жедел баспана» талабымен Парижде лагерь құрды. Олардың көбі ауғанстандық және африкалықтардан тұрады.

Париж муниципалитетінің алдында шатырларға орналасқан босқындар француз басшылардан шешім күтеді.

Аяғы ауыр әйелімен екі жыл бұрын жолға шыққан Ауғанстан азаматы Али Иран, Түркия, Грекия және Италия арқылы Францияға жеткендерін айтты. Алинің жұбайы Мехтап та енді Ауғанстанға оралудың мүмкін еместігін атап көрсетті. Ол Еуропаны ұлы өркениет деп санайтындарын, жеткен кезде жағдайдың жақсы болатынын ойлаған.  Ол Грекияға өткеннен кейін барлық үміттеріне қарамастан жағдайдың қиындай түскенін айтады.

«Кірдің ортасында тұрдық, жаман шатырларда өмір сүрдік.  Осында келгеннен бері де шатырда тұрып жатырмыз» деді ол.

Босқындарға гуманитарлық көмек беретін «Utopia56” қоғамының Париждегі координаторы Марсель де «Баспанасыз осы кісілерде баспана беру  - мемлекеттің жауапкершілігі. Бірақ мемлекет міндетін орындамай отыр.  Көптеген адам көмек сұрап бізге келеді.  Бірақ біздің мүмкіндіктеріміз де шектеулі» деді.

Ата-анасыз балаларға көмектесетін TIMMY қоғамының төрағасы Минарт та жетім балалардың жауапкершілігін әкімшіліктердің алуы керектігін, ал олардың неше айдан бері көшеде жүргенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар