ИЫҰ-нан Ауғанстандағы тараптарға ауқымды келіссөз шақыруы

ИЫҰ Ауғанстандағы жағдайды талқылау үшін тұрақты өкілдер деңгейінде Джиддада жиналды.

1695790
ИЫҰ-нан Ауғанстандағы тараптарға ауқымды келіссөз шақыруы

Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (ИЫҰ) Ауғанстандағы тараптарды бейбітшілік орнату үшін жан-жақты келіссөзге шақырды.

ИЫҰ Сауд Арабиясының ұсынысымен Ауғанстандағы жағдайды талқылау үшін тұрақты өкілдер деңгейінде Джиддада жиналды.

Кездесудің қорытынды мәлімдемесінде Ауғанстан халқы атынан өкілдік жасайтын барлық тараптар бейбітшілік орнату үшін ауқымды келіссөз жүргізуге шақырылды.

Декларацияда сондай-ақ ИЫҰ Бас хатшылығынан жоғары лауазымды бір делегацияның Ауғанстанға жіберілуі және «ұйымның Ауғанстанда бейбітшілікке қоса тұрақтылық пен ұлттық келісімді жақтағаны» хабарламасын жеткізуі талап етілді.

ИЫҰ Ауғанстанның қайтадан террористердің қауіпсіз баспанасына айналмауы үшін елдегі жаңа әкімшілік және халықаралық қоғамды бірлесе жұмыстануға шақырды.

15 тамыз күні бас қала Кабулды қоршауға алған Талибан президент Ашраф Ғанидің елден кетуі және үкімет күштерінің бас қаладан шығуымен қаланы қақтығыссыз бақылауына алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар