Путин мен Макрон Мәскеуде кездесті

Ресей президенті Владимир Путин мен Франция президенті Эммануэль Макрон кездесті.

1775091
Путин мен Макрон Мәскеуде кездесті

Ресей президенті Владимир Путин мен Франция президенті Эммануэль Макрон Ресей астанасы Мәскеуде кездесіп,  "Ресейдің қауіпсіздік кепілдері және Украина дағдарысы" тақырыбын қолға алды. 

Путин мен Макронның кездесуі 5 сағат жалғасты. 

Кездесудің сәтті өткенін білдірген Путин Макронмен Ресейдің Америка Құрама Штаттары және НАТО-ға ұсынған қауіпсіздік кепілдер мәселесі жайлы пікір алмасқандарын айтты. 

НАТО-ның шығысқа қарай кеңеймеуі, 1997 жылғы шекараларға кері қайтуы және Ресей шекарасында қару-жарақтардың болмауы ұсыныстарының АҚШ және НАТО тарапынан қабылданбағанын түсіндірген Путин "Тағы бір мәселені тілге тиек етуіміз керек: НАТО 2019 жылғы әскери стратегиясында Ресейді шығыстағы ең  үлкен қаупі және дұшпаны ретінде қарады. НАТО бізді дұшпан ретінде белгіледі" деген сөздер қолданды. 

НАТО-ның әскери күштерінің Ресей шекаралары маңына жақындағанын баяндаған Путин НАТО және мүше елдерінің Ресей қарулы күштерін қай жерге және қалай орналастырылуы тақырыбында сабақ беруге тырысқандарын айтты. Владимип Путин Ресейдің НАТО-ға емес, НАТО-ның Ресейге қарай ілгерілегенін алға тартты. Путин мемлекетіне "шабуылшы әрекет жасады" деп тон пішуінің дұрыс емес екенін мәлімдеді. 

Украинаның НАТО-ға алынған жағдайда соғыс шығатынын меңзеген Путин Еуропа елдерінің Қырымды Украинаның бір бөлшегі ретінде қарағанын, Мәскеудің болса Қырымды Ресейдің бір бөлшегі деп санағанын еске салды.

Ресейдің қауіпсіздік кепілдері тақырыбында АҚШ және НАО-ға жіберген жауапқа қарсы жауап дайындағандарын атап өткен Путин "Енді өз жоспарымызбен бір жауап дайындаймыз. Жауапты Вашингтон және Брюссельге жібереміз" деп көрсетті. 

Франция президенті Эммануэль Макрон болса, Украина президенті Владимир Зеленскийдің Украина шекарасы маңындағы 125 мың адамдық орыс әскери жасақтары тақырыбында "дағдарыс" болғанын түсіндірді. Макрон Украина лидерінің осыған қарамастан байсалды әрекет жасағанын және бұл тұғырға ризашылықпен қарау керектігін айтты.

 



Ұқсас жаңалықтар