Орыстың әскер шегіндірген дәлелі жоқ

Лиз Трасс  Киевте Украина Сыртқы істер министрі Дмитро Кулебамен кездеседі.

1780420
Орыстың әскер шегіндірген дәлелі жоқ

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Лиз Трасс орыс әскери күштерінің  азайғаны туралы ешқандай белгі байқалмағанын айтып:

"Қазір орыстардың Украина маңындағы шекара аймақтарынан шегінгеніне байланысты дәлел жоқ" деді.

Лиз Трасс Telegraph газетіне жазған мақаласында Ресейдің тек қана күшке құрмет еткенін, сол себепті АҚШ-ты қамтыған НАТО одақтастарының Ресейге қарсы күшті бір жауап беретінін атап айтты.

Дипломатия үшін ортақ талпыныстар бұрын кездеспеген өреде мұқият санкция қаупімен бірлескенде төтенше маңызға ие болатынын айтқан ағылшын министр:

"Ресейдің кейбір жасақтарының базаларға қайтқаны пайымдауларымен қате түсінікте қалмайық. Орыс әскери күштерінің азайғаны туралы ешқандай белгі байқалмады.Қазір орыстардың Украина маңындағы шекара аймақтарынан шегінгеніне байланысты дәлел жоқ" деп көрсетті.

Лиз Трасс Ресейдің басып кіруге жететін адам және әскери күшке ие екенін айтты.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Лиз Трасс Кремльдің жардың шетінен қайтуы және дипломатиялық жол қарастыруы үшін уақыт бар екенін білдірді.

Сыртқы істер министрі Лиз Трасс Ұлыбританияның Украинаның егемендігіне қолдауын қайталау және Мәскеуге шақыру тастау мақсатымен бүгін Киевке барады.

Лиз Трасс  Киевте Украина Сыртқы істер министрі Дмитро Кулебамен кездеседі.



Ұқсас жаңалықтар