S7 орыс әуе компаниясы барлық халықаралық рейстерін тоқтатты

АҚШ, Еуроодақ, Жапония және Канада өз әуе кеңістігін орыс ұшақтарына жауып тастаған болатын.

1789963
S7 орыс әуе компаниясы барлық халықаралық рейстерін тоқтатты

Ресейдегі ең ірі әуе компанияларының бірі S7 барлық халықаралық рейстерін тоқтатты.

S7 жасаған мәлімдемеде 5 наурыз күнінен бастап компанияның барлық халықаралық рейстерін тоқтатқаны атап көрсетілді.

Шетелге рейсі тоқтатылған азаматтардың оралатын рейсін серіктес әуе компанияларымен жүзеге асыра алатыны және талап етілген жағдайда билет құнының өздеріне қайтарылуы мүмкін екені мәлімдемеде баса айтылды.

АҚШ, Еуроодақ, Жапония және Канада өз әуе кеңістігін орыс ұшақтарына жауып тастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар