Кличко орыстар этникалық тазалық жасағанын айтты

Киев қала әкімі Виталий Кличко: "Ресей шабуыл жасады. Украина халқына этникалық тазалық жүргізді" деді.

1812616
Кличко орыстар этникалық тазалық жасағанын айтты

Киев қала әкімі Виталий Кличко Ресей Федерациясын Украина халқына қарсы этникалық тазалық жасаумен айыптады. 

Виталий Кличко астана Киевте "Мариуполь батырлары" аты берілген паркте тексеру жүргізді. 

Киев қала әкімі  Виталий Кличко жасаған мәлімдемесінде бұрын бұл жерде Мәскеу мен Киевтің достығына арналған бір мүсіннің болғанын, алайда Ресейдің Украинаға шабуылында алып тасталғанын білдірді. 

Орыс армиясының Украина халқына қырғын жасағанын айтқан Кличко "Ресей бізге шабуыл жасады. Украина халқына этникалық тазалық жүргізді. Украина қалаларын күйретті. Осындай үрейлі жағдайда біз достықты қалай тілге тиек ете аламыз" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар