Иран ядролық реактор салады

Мұхаммед Ислами елінің ядролық бағдарламасы «таза бейбіт және азаматтық мақсатта» екенін білдірді.

1860624
Иран ядролық реактор салады

Иран Исфахандағы ядролық нысанда жаңа ядролық зерттеу реакторы салынатынын хабарлады.

Иранның ресми IRNA агенттігінің хабарлауынша Иран Атом Энергиясы агенттігінің төрағасы Мұхаммад Ислами Исфахан уәлаятындағы уранды байыту нысанын аралады.

Ислами мұндағы мәлімдемесінде жаңа ядролық зерттеу реакторы салынатынын жариялап, басқа реакторлардың отын сынағы үшін салынатын зерттеу реакторы елдегі ең ірі ядролық нысандардың бірі Исфахан Ядролық технологиялар орталығының ішінде орналасатынын мәлімдеді.

Жобаның «толығымен отандық» екенін айтқан Ислами елінің ядролық бағдарламасын ілгерілету үшін отандық электр стансаларының қуатын арттырғысы келетінін, әсіресе елдің оңтүстігінде жаңа атом электр станциялары үшін қолайлы аймақтардың бар екенін айтты.

Мұхаммед Ислами елінің ядролық бағдарламасы «таза бейбіт және азаматтық мақсатта» екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар