Иран ядролық зерттеу реакторының құрылысын бастады
Исфахандағы ядролық зерттеу реакторының құрылысы Иранның Атом Энергиясы агенттігінің төрағасы Мұхаммад Исламидің қатысуымен өткен рәсіммен басталды.
Иран Исфахан уәлаятында қуаты 10 мегаваттық жаңа ядролық зерттеу реакторының құрылысын бастады.
Иранның ресми агенттігі ИРНА-ның хабарлауынша Исфахандағы ядролық зерттеу реакторының құрылысы Иранның Атом Энергиясы агенттігінің төрағасы Мұхаммад Исламидің қатысуымен өткен рәсіммен басталды.
20 пайыз байытылған ядролық отынды пайдаланатын 10 мегаваттық бассейн тәрізді реактордың ядролық отынды сынау, медициналық және өнеркәсіптік радиоизотоптарды өндіру, нейтрондық сәулелерді зерттеу мен қолдануды дамыту үшін пайдаланылатыны хабарланды.
Ядролық зерттеу реакторы елдегі ең ірі ядролық нысандардың бірі Исфахан Ядролық Технологиялар орталығының ішінде орналасқаны білдірілді.
Ұқсас жаңалықтар
Нетаньяху мен Салливан Иерусалимде бас қосты
Тақырыппен байланысты хабар Израиль мемлекеттік телеарнасы «KAN»-да орын алды.
Иран Мемлекет басшысы мінген тікұшақ апатқа ұшырады
Иран мемлекеттік телеарнасы Реисиге қоса Сыртқы істер министрінің де қаза тапқанын жариялады.