Қытайдан келетіндерден тест сұрайды

Кисида «Жағдайды түсіну қиын және Жапонияда алаңдаушылық артып келеді» деді.

1924566
Қытайдан келетіндерден тест сұрайды

Жапония коронавирустың (Ковид-19) жаңа түрі қайта көбейіп жатқан Қытайдан келетін жолаушылар үшін шекарада шара қолдана бастайды.

Жапон үкіметі Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) «Қытайда Ковид-19 ауруы қайта өршуде» деген мәлімдемесінен кейін сақтық шараларын қабылдауда.

Премьер-министр Кисида Фумио журналистерге берген мәлімдемесінде Қытайда вирус ауруларының көбеюіне алаңдайтынын айтты. Қытайдың мемлекеттік және жеке мекемелері жариялаған науқас  санындағы айырмашылыққа назар аудара отырып  Кисида «Жағдайды түсіну қиын және Жапонияда алаңдаушылық артып келеді» деді.

Жапония премьер-министрі елінде аурудың артуының алдын алу үшін Қытайдан келетін жолаушылардан Ковид-19 тестінің қорытынды талап етілетінін атап өтті.

Жаңа шешімге сәйкес, 30 желтоқсаннан бастап тестілері оң нәтиже көрсеткендер 7 күн, вирус белгілері жоқтар 5 күндік карантинге жатқызылады.



Ұқсас жаңалықтар