Израиль Сирияға зымырандық шабуыл жасады

Израиль армиясы Сириядан кейбір аумақтарына шабуылдады.

1971979
Израиль Сирияға зымырандық шабуыл жасады

Израиль армиясы Сириядан басып алған Голан төбелеріне қарай зымыран шабуылы жасалғанын алға тартып, кейбір аумақтарды атқылады.

Израиль армиясы жасаған жазбаша мәлімдемеде Израиль басқыншылығындағы Сирияның Голан төбелеріне зымыран шабуылы жасалғаны алға тартылып, «Қазір Сирияға қарсы шабуыл жасап жатырмыз» делінді.

Израиль Мемлекеттік телеарнасы «KAN»-ның хабарлауынша, Сириядан Голан төбелеріне оңтүстігіндегі Нетур мен Авни-Эйтан аймағына 3 зымыран құлады.

Хабарда екі зымыранның тегіс жерге құлағаны, үшінші зымыранның болса «Темір күмбез» зымыран қорғаныс жүйесі тарапынан аспанда жойылғаны білдірілді.

Израиль армиясы кеше жасаған мәлімдемеде Сириядан Голан төбелеріне 3 зымыран атылғанын, зымырандардың бірінің Голан төбесінің оңтүстігіндегі тегіс алаңға құлағанын атап көрсеткен болатын.

Сирияның жері болған Голан төбелері 1967 жылдан бері Израиль басқыншылығында.



Ұқсас жаңалықтар